4 Тамыз 2026, 23:28 Фото: Синьхуа

Қытай су тасқынынан зардап шеккен өңірге ауқымды гуманитарлық көмек жолдады

Бұл көмек Қытайдың Төтенше жағдайларды басқару министрлігі, Табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік комитеті және Мемлекеттік азық-түлік және материалдық резервтер басқармасы тарапынан бөлінді.

Қытай су тасқынынан зардап шеккен Шэньси провинциясына 65 мың дана гуманитарлық көмек жіберді.

Көмек құрамына:

  • шатырлар;
  • жиналмалы кереуеттер;
  • көрпелер;
  • алғашқы қажеттілік заттарының жиынтықтары кіреді.

Бұл көмек Қытайдың Төтенше жағдайларды басқару министрлігі, Табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік комитеті және Мемлекеттік азық-түлік және материалдық резервтер басқармасы тарапынан бөлінді.

Жіберілген ресурстар төтенше көмек көрсетуге, тұрғындарды эвакуациялауға және уақытша орналастыруға пайдаланылады.

Соңғы күндері Шэньси провинциясында нөсер жауын салдарынан 27 өзендегі 38 гидрологиялық станцияда су деңгейінің 46 мәрте қауіпті шекке жетуі тіркелді.