Қытай СІМ Си Цзиньпиннің Қазақстанға іссапарының нәтижесін жариялады
Бейжіңде Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің Орталық Азияға, атап айтқанда, Қазақстан мен Өзбекстан елдеріне жасаған мемлекеттік іссапарының нәтижесі мен оның негізгі мақсатына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 14 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.
Бұл Қытай президентінің пандемия басталғалы бері жасаған алғашқы сапары болды.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Цзянпин іссапардың негізгі мақсатына тоқталды.
14-16 қыркүйек аралығында Төраға Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыртуымен екі елде мемлекеттік іссапармен болды. Төраға Самарқандта өткен ШЫҰ-ның 21-ші отырысына қатысты, - деді ол.
Лю Цзянпин ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда ресми кездесу өткізгенін атап өтті.
Қазақстанға іссапарында Төраға Қазақстан Президенті Тоқаевпен талқылау өткізіп, «Қазақстан-Қытай мыңжылдық диалогы» көрмесін тамашалады. Сонымен қатар «Алтын Қыран» орденімен марапаттау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемелерге қол қойды. Сондай-ақ экономика, сауда, көлік инфрақұрылымы, қаржы, су пайдалану және БАҚ салаларында 8 құжатқа қол қойылды, - деп түсіндірді ҚХР СІМ өкілі баспасөз конференциясында.