Кеше 2026, 21:17
Фото: freepik
Қытай СІМ Қазақстанды жаңа Конституция бойынша референдум өткізуімен құттықтады
Лин Цзянь Қытай Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтап, қоғамның дамуына қол жеткізіп отырғанына қуанышты екенін айтты.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Қазақстанды жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның өтуімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лин Цзянь Бейжіңде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай Қазақстанда өткен дауыс берудің сәтті өткенін жоғары бағалайды.
Лин Цзянь Қытай Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтап, қоғамның дамуына қол жеткізіп отырғанына қуанышты екенін айтты.
Сондай-ақ Бейжің Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттік құрылыста жаңа жетістіктерге жететініне және «Әділ Қазақстан» құру мақсаты табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.
Қытай тарапы Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.