Қытай Шығыс Қазақстан облысына зертханалық құрал-жабдықтар береді

Хат алмасу барысында Қазақстан мен Қытай үкіметтері Шығыс Қазақстан облысын зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатта Қытай тарапының Қазақстан үкіметінің өтініші бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеру зертханасына құны 11,15 миллион юань (шамамен 753,5 миллион теңге) құрал-жабдықтар беруге келіскені айтылған.

Өскеменге жабдықты тасымалдау, сондай-ақ жабдықты орнату үшін техникалық мамандарды жіберу және оларға нұсқау беру Қытай тарапына жүктелген.

Өз кезегінде қазақстандық тарап зертхананың жобалау және әрлеу жұмыстарына жауап береді, зертхананың жұмысына қажетті жағдай жасайды, сондай-ақ кедендік және басқа да операциялардың шығындарын өз мойнына алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, келісім екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға мүмкіндік береді.

Құжат 20 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы