Қытай «Шэньчжоу-15» ғарыш кемесін орбита стансасына ұшырады

«Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесі Қытайдың орбита станциясына сейсенбі күні ұшырылады. Бұл туралы дүйсенбіде ғарышқа ұшу бағдарламасының Қытай басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«29 қарашада Бейжің уақыты бойынша сағат 23:08-де (Астана уақытымен 21:08-де) «Шэньчжоу-15» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылады», - делінген хабарламада.

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Цзюцюань ғарыш айлағынан Long March-2F зымыран тасығышының көмегімен ұшырылады.

Жоспарға сәйкес, экипаж орбитада алты айға жуық уақыт болады.Дүйсенбіде «Шэньчжоу-15» экипажына кірген үш тайконавтың есімі жарияланды. Олар: Фэй Цзюньлун, Дэн Цинмин және Чжан Лу.

5-10 күн бойы екі экипаж орбита стансасында бірге болады. Ауысымнан кейін алдыңғы «Шэньчжоу-14» миссиясының үш тайконавты Жерге оралады.«Шэньчжоу-15» экипажы ҚХР-дың бірінші орбита станциясының құрылысын аяқтайды.

Негізгі модуль және «Вэньтянь» мен «Мэнтянь» екі зертханалық модуль қазірдің өзінде түйісіп, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ҚХР орбита станциясы шамамен 400 км биіктікте орналасқан және 10 жылдан астам пайдалануға арналған.Осы уақытқа дейін станцияға әрқайсысы үш адамнан тұратын үш экипаж келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы