Қытай шекарасында кедендік бақылау айтарлықтай күшейтілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Біз сыртқы және өзара сауда статистикасын теңестіру және сыртқы сауда ағындарын ақтау қажеттігі туралы жиі айтамыз. Сұр түсті импорт отандық өндірушілерге, заңды импорттаушыларға айтарлықтай зиян келтіреді және біздің мемлекеттеріміздің бюджетіне теріс әсер тигізеді. Бүгінде Қазақстан мен Қытай шекарасында кедендік бақылау іс-шаралары айтарлықтай күшейтілген. Екі айдың ішінде қабылданған іс-шаралар тауарларды рәсімдеу мен кедендік төлемдердің артуына алып келді, - деді ол.
Смайылов атап өткендей, дегемен Қытай импорты көрші елдерде айтарлықтай өскені байқалады.
Бұл ретте «жалғызды жау алмас» деген мақал қазіргі жағдайды дәл суреттейді. Сыртқы сауда-саттықты, бірінші кезекте Қытаймен сауданы толыққанды әрі сапалы кедендік рәсімдеуге бірлесе күш салуымыз қажет. Барлық процестерді және мәліметтер алмасуды дереу цифрландыру керек. Бұл адал бәсекелестікті дамыту және салықтар мен кедендік баж салығы есебінен бюджетке түсімдерді арттыру үшін серпін береді. Мұндай жұмысты комиссияның белсенді үйлестіруімен жүргізу қажет. Келіссөздер алаңын құрғаннан іс бітпейді. Нақты қадамдар қабылдайтын және көптеген сағатқа созылатын жиналыстардан бас тартатын уақыт келді, - деді Қазақстан Премьер-министрі.