Қытай шекарасында 900-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтіп отыр – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты. 

Жыл басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есеге өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есеге өсуі тіркелді. Қазір Қытай Халық Республикасымен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтуде, - деді министр. 

Ол атағандай, жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 23%-ке, ал көлемі – 26%-ке азайған. 

 «Бір күндік фирмалардың» болды. Олардың саны 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қытай Халық Республикасынан импорттаушылардың жалпы санының 20%-тен астамын құрайды. Кейінгі іске асыру кезеңдерінде жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру. Айналым сомасы 6 трлн теңгеден асатын 8 мыңнан астам компания анықталды, - деді ол. 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы