Қытай қойды клондады
Тәжірибе эмбрионалды инженерия технологиясы арқылы жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар бұл тәсілді асыл тұқымды Шопан ата тұқымына қолданды. Олар ғылыми жолмен ұсақ малдың генетикасын бұзбай көбейтуді көздеп отыр.
Бірегей тәжірибе Қытайдың Цинхай провинициясында жүргізілді. Ғалымдар донор ретінде Тибеттің асыл тұқымды қойларын таңдаған. Клондау сәтті жүргізіліп, 2 қозы алынды. Жобаны жүзеге асыруға 3 қошқар және 1 саулықтың жасушасы пайдаланылды.
Ауыл және орман шаруашылығы солтүстік-батыс университетінің зерттеушілер тобы ұзақ уақыт еңбектенді. Клондалған қозылардың алғашқысының салмағы – 3,4 келі. Дене тұрқы дұрыс, ағзасы таза. Бұл жобаның ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор, - деді клондау бағдарламасының ғылыми жетекшісі Су Цзяньмин.
Зерттеу Қытайдың клондау бағдарламасы аясында жасалды. Жоба Тибет қойларының суыққа төзімділігін сақтап, мал басын көбейтуге бағытталған. Енді ғалымдар осы тәжірибені жабайы қодасқа жасап көруді көздеп отыр.