18 Мамыр 2026, 16:55
Фото: gov.kz
Қытай Қазақстан елшісін жоғары наградамен марапаттады
Марапат Қытайдың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан дипломаттарға табысталды
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Қытай үкіметінің «Көрнекті дипломат елші» медалімен марапатталды.
Жэньминь жибао газетінің хабарлауынша, бүгін Бейжіңде алғашқы «Көрнекті дипломат елші» медалін табыстау рәсімі өткен.
Бұл құрметке Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев және тағы 6 адам ие болды.
Бұл марапат дипломаттарға Қытай мен шет елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.