Наньнинде "Қытай - Орталық Азия ынтымақтастығы" VII форумында қазақстандық өнім көрмеге қойылды

Наньнин, ҚХР, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін форум аясында Орталық Азия елдерінің Наньнин қаласына экспорттайтын тауарларының шағын көрмесі ұйымдастырылды. 

17-19 қазан аралығында ҚХР Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының Наньнин қаласында "Қытай – Орталық  Азия ынтымақтастығы" VII форумының алғашқы күні басталды.

Шара аясында Қытай, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Армения және ASEAN елдерінің өкілдері "Құрғақ жер мен теңізді қосудағы ынтымақтастық, инновация арқылы дамуды ынталандыруды талқылау" тақырыбында пікір алмасады.


Бүгін Орталық Азия елдерінің Наньнин қаласына экспорттайтын тауарларының шағын көрмесі ұйымдастырылды. 

Орталық Азия, Ресей, Шығыс Еуропа сауда одағы төрағасының орынбасары Ши Сиауйн Қазақстаннан импортталатын өнімдер туралы айтып берді.


"1993 жылы Қытай мен Қазақстан сауда-экономикалық қатынас құрған болатын. Мен 26 жыл бұрын Қазақстанда делегация басқарып бардым. Ол кезде Қазақстанға қытайлық студенттерді апардым. Содан бері ынтымақтастығымыз жалғасып келеді... Бүгінде міне көрмеде көріп тұрған шоколад, ұн, тосап т.б. өнімдерді біздің сауда өкілдеріміз Қазақстаннан әкеледі. Сұраныс бар. Болашақта Қазақстаннан әкелінетін импорттық тауар атауларын көбейту жоспарымыз бар", - деді Наньнин қаласында орналасқан Орталық Азия, Ресей, Шығыс Еуропа сауда одағы төрағасының орынбасары. 


Форумның негізгі күні ертеңге - 18 қазанға жоспарланған. Онда 4 панельдік сессия: 

Құрғақ жер және теңіз каналының трансшекаралық логистикасы және электрон коммерция саласындағы ынтымақтастық; Ақылды қалаларды бірлесіп салу; Бэйдоу спутник навигация жүйесін пайдалану бойынша өзара әрекет ету; "Бір белдеу, бір жолды" бірлесе іске асырудағы әйелдер күшінің консолидациясы тақырыптарымен өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы