«Қытай-Орталық Азия» саммиті басталды

Қытайдың Сиань қаласында «Қытай-Орталық Азия» саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін «Қытай-Орталық Азия» саммитінің негізгі іс-шаралары өтеді.

Саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысып жатыр. Жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етуде.

17 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Тоқаев пен Си келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшыларының қатысуымен екі ел 18 құжатқа қол қойды.

18 мамыр күні Президент Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Сонымен қатар ҚХР төрағасы саммитке қатысушы елдердің президенттерін салтанатты түрде қарсы алып, бірге қойылым тамашалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы