29 Тамыз 2026, 17:48
Фото: Prabin RANABHAT / AFP via Getty Images
Қытай-Непал шекарасында үшінші Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында Қазақстанның тағы бір азаматы іздестіріліп жатыр.
Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматшасы туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен жұмысты әрі қарай жүргізіп жатыр, отандастарымызды іздестіру жалғасып жатыр, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Непалдағы жойқын апаттан екі Қазақстан азаматшасының іздестіріліп жатқанын растағанын жазғанбыз.