Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара бір күнге жабылады

Қытаймен арадағы шекарада автомобиль өткізу бекеттері 2024 жылдың 10 маусымында жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚХР-да "Айдаhар-қайықтары" мерекесін тойлауға байланысты 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы