Қытай мен Ираннан келгендер міндетті түрде карантинге жатқызылады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай мен Ираннан келген азаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Осы жылдың 1 наурызынан бастап денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің төртінші сатысын енгiзді. Біріншi санаттағы елдер қатарына Қытай Халық Республикасы, соның ішінде Гонконг, Тайвань, Макао және Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия кіреді, - дейді министр.
Оның айтуынша, Қытай мен Ираннан келген азаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады.
Сондай-ақ, шыққаннан кейін қосымша 10 күн ішінде медициналық бақылауда болады. Бірінші санатта елдерден келген азаматтар 14 күнге тұрғылықты жері бойынша карантинге орналастырылады. Бірақ санитариялық қызметтің шешімі бойынша бұл адамдар медициналық ұйымдағы карантинге ауыстырылуы мүмкін. Екінші санаттағы елдерден келген азаматтар 14 күннің ішінде медициналық бақылауда болады. Үшінші санаттағы елдерден келген азаматтар 24 күннің ішінде қашықтықтан қоңырау шалу әдісімен бақыланады, - дейді Елжан Біртанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Канелоның" келесі айқасы қашан өтетіні ресми мәлімделді
Өзгелердің жаңалығы