Бүгiн 2026, 16:05
Фото: pixabay.com
Қытай мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 10,4%-ға қысқарды
Қытайға америкалық өнім импорты 10,9%-ға төмендеді.
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда көлемі қаңтар–сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға азайып, 179,2 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы мәлімдеді.
Ведомство деректеріне сәйкес, есепті кезеңде Қытайдың АҚШ-қа экспорты 10,2%-ға төмендеп, 133,44 миллиард доллар болған.
Ал АҚШ өнімдерінің Қытайға импорты 10,9%-ға қысқарып, 45,76 миллиард долларды құрады.
Қытайдың АҚШ-пен саудадағы оң сальдосы 87,68 миллиард доллар болған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға аз.