29 Қыркүйек 2026, 00:27 Фото: pixabay

Қытай мен АҚШ $60 млрд көлеміндегі тауарларға баж салығын төмендетеді

Сонымен қатар екі ел сауда бітімін 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін ұзартуға келісті.

Қытай мен АҚШ бір-бірінен импортталатын жалпы құны шамамен $60 млрд болатын тауарларға салынатын баж салығын төмендетуге келісті. Келісім аясында әр тарап шамамен $30 млрд көлеміндегі сезімтал емес тауарларды жеңілдетілген тарифтік режимге енгізуді ұсынған.

Reuters-тің хабарлауынша, Қытай АҚШ-тан импортталатын жүгері, бидай, құмай, ет, сүт өнімдері, өсімдік майлары мен оларды өңдеу өнімдеріне баж салығын төмендетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ балық және теңіз өнімдері, ағаш, косметика мен медициналық құрылғыларға қатысты тарифтерді азайту көзделген. Соя бұршағы бұл тізімге енгізілмеген.

АҚШ тарапы Қытайдан келетін шағын тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек жабдықтары, ойыншықтар, балаларға арналған автокреслолар және мерекелік тауарларға қатысты өзара тарифтерді төмендетеді.

Сонымен қатар екі ел сауда бітімін 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін ұзартуға келісті. Қытай 2027 және 2028 жылдары АҚШ-тан жыл сайын 10 млн тонна көмір импорттау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы бойынша жұмыс тобын құрып, жасанды интеллект және қаржы қызметтері салаларындағы ынтымақтастықты жалғастырмақ.