Қытай көп рет пайдалануға болатын эксперименттік ғарыш аппаратын ұшырды

 Жұма күні Қытай Цзюцюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-2F» (Long March-2F) зымыран тасығышының көмегімен көп рет пайдалануға болатын тәжірибелік ғарыш аппаратын ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚазАқпараттың мәліметінше ұшырылым сәтті өтті. Ғарыш кемесі орбитада біраз уақыт болғаннан кейін Қытайдағы белгіленген қону орнына оралады.

Жоспарға сәйкес, ұшу кезінде құрылғы ғарыш кеңістігін бейбіт зерттеуге техникалық қолдау көрсете отырып, көп рет пайдалануға арналған технологиялар мен орбитада қызмет көрсету технологияларын сынаумен айналысады.

Бұл «Чанчжэн-2F» зымыран тасығыштарының 18-ші ұшырылымы болды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы