Бүгiн 2026, 02:34 Фото: depositphotos.com

Қытай Иранмен әскери ынтымақтастықты жоққа шығарды

Пекин Иранды мұнай саудасына қатысты шектеулерді алып тастауға, ал АҚШ-ты теңіз блокадасын тоқтатуға үндеді.

Қытай БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Фу Цунның мәлімдеуінше, Пекин мен Тегеран арасында әскери ынтымақтастық жоқ. Ол АҚШ тарапынан айтылған мұндай айыптауларды жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дипломат бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Қытай төрағалығы басталар алдындағы брифингте айтты.

"Қытай мен Иран арасында әскери ынтымақтастық жоқ, біз жекелеген американдық шенеуніктердің айыптауларын білеміз", - деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығының ҚХР-ға ауысуына арналған брифингте.

Сонымен қатар Қытай Ормуз бұғазындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, оны мүмкіндігінше тез ашуға шақырды. Оның айтуынша, теңіз жолының жабық қалуы жаһандық энергетикалық нарықтарға теріс әсер етеді.

Пекин Иранды мұнай саудасына қатысты шектеулерді алып тастауға, ал АҚШ-ты теңіз блокадасын тоқтатуға үндеді.

Қытай өкілінің пікірінше, бұғаздағы кеме қатынасының қалпына келуі әлемдік экономикалық тұрақтылық үшін маңызды, ал шиеленістің одан әрі ушығуы жаһандық нарықтарға қауіп төндіруі мүмкін.