ШҚО әкімдігі Қытай инвесторларына жер сатылатынын жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде ШҚО-да 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап кеткен. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығынан хабарлады.
Оның айтуынша, ешқандай жер қытай инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды.
"Қазіргі уақытта Үржар ауданының аумағында 300 га жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Осы екі учаскеге құс фабрикасын салу жоспарланған. Ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтар мен қатар шетелдік инвесторларда қатыса алады. Жерді сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сонымен қатар Үржар ауданында 40 мыңға жуық гектар ауылшаруашылық телімдері құс фабрикасының жемшөп қорын қамтамасыз ету мақсатына мемлекет меншігінде сақталып тұр", - деді Виктория Барсукова.
Басқарма басшысының сөзіне сенсек жоғарыда айтылған 40 мың гектар жер бұрынғыдай мемлекет меншігінде қала бермек. Аталған аумаққа болашақта салынатын құс фабрикасының азығы, яғни тауық жеміне арналған дәнді дақылдар егіледі. Заң бойынша бұл жерлер мемлекет меншігінде, сондықтан аталмыш учаскелерді сатуға немесе шетелдіктерге беруге ешкімнің ешқандай құқығы жоқ. Жер тек қана Қазақстан азаматтарына немесе шетелдің қатысуынсыз заңды тұлғаларға ғана беріледі.
Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылып жатқаны белгілі. ШҚО жер қатынастары басқармасы аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Air Astana үшінші Embraer 190-E2 ұшағын алды
Өзгелердің жаңалығы