21 Қыркүйек 2026, 01:29 Фото: Синьхуа агенттігі

Қытай ғарышқа тоғыз спутник ұшырды

Спутниктер ғарыштық ортаны бақылау, табиғи апаттардың алдын алу және олардың салдарын азайту, сондай-ақ ғылыми тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылады.

Қытай «Лицзянь-1 Y18» зымыран тасығышының көмегімен ғарышқа тоғыз спутник ұшырды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Зымыран 20 қыркүйекте Бейжің уақытымен сағат 12:03-те Қытайдың солтүстік-батысындағы «Дунфэн» коммерциялық ғарыш айлағынан ұшырылды. Тоғыз спутник белгіленген орбиталарына сәтті шығарылды.

Спутниктер ғарыштық ортаны бақылау, табиғи апаттардың алдын алу және олардың салдарын азайту, сондай-ақ ғылыми тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылады.

Бұл CAS Space компаниясы әзірлеген «Лицзянь» сериялы зымырандардың 17-ші ұшу миссиясы болды. Осы уақытқа дейін аталған зымырандар бір ғарыш кемесі мен 121 спутникті орбитаға шығарған. Ғарышқа жеткізілген пайдалы жүктің жалпы салмағы 21 тоннадан асады.