Қазақстандық қыз Қытайда есірткімен ұсталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 27 ақпанда Қытай құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының азаматы Юлия Фодеваны ұстады. Бұл туралы апта сайынғы брифинг барысында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Қазақстан азаматы есірткі заттарымен ұсталған.

"27 ақпанда Қазақстан азаматы есірткі затын сақтау және тарату деген күдікпен ұсталды. Шұғыл түрде Шанхайдағы консулмен байланыс орнатылды. Консулдық қызметкер ата-анасына қорғаушыларды ұсынды. Олар біреуін таңдады. Бүгін адвокаттармен кездесу өтті. Қорғаушыны ата-анасы жалдаған. Қорғаушы Қытай Халық Республикасының азаматы. Юлия Фодева Қытайда 6 жылдан бері тұрады. Ханчжоуда студент болған.  Өкінішке қарай, біздің консулдық есепте болмаған. Сондықтан біздің консулдар оның Қытайда болғанынан бейхабар. Аптаның соңына дейін консул уақытша ұстау изоляторына барады, Қазақстан азаматымен кездеседі", - деді Смадияров.

Рахиля Бекназарқызы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы