Қытай бір айда бір қаланың халқынан айырылды
Қытай билігі коронавирус шектеулерін бәсеңдеткеннен кейін яғни, желтоқсан басынан бері елде 60 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters сілтеме жасап.
Қытай денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының хабарлауынша, 8 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында 59 938 адам қайтыс болған, олардың өліміне коронавируспен байланысты себептер түрткі болған: 5,5 мыңы коронавирус инфекциясына байланысты тынысы тарылып, тұншығып өлген.
Қалғанында коронавирус инфекциясы мен өзге ауру түрлері болған. Десе де, Қытай сарапшылары індеттің таралу шегі өтіп кетті деп санайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы