Қытай басшысы көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруды ұсынды
Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин көрші елдермен ортақ тағдыр қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
CGTN-нің мәліметінше, Си Цзиньпин өз сөзінде Қытайдың көршілес елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатудағы жетістіктерін қорытындылап, алдағы кезеңнің аймақтық сыртқы саясатының мақсаттарын атап өтті. Ол Қытайдың кең аумағы мен ұзақ шекаралары бар екенін ескере отырып, көрші елдермен жақсы қарым-қатынастар орнатудың елдің дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды басымдық екенін айтты.
Кеңеске қатысушылар Қытайға көрші елдермен қарым-қатынасты ғаламдық тұрғыдан қарауды және осы бағыттағы жауапкершілікті арттыруды ұсынды.
АҚШ Қытайға қатысты сауда баждарын бірден 125%-ға дейін көтерді.
Қытай жауап ретінде АҚШ-тан импортталатын тауарларға қосымша тарифті 34%-дан 84%-ға дейін көтерді. Бұл шешім 2025 жылғы 10 сәуірде Бейжің уақытымен 12:01-ден бастап күшіне енді.
Еске сала кетейік, 2 сәуірде Трамп сауда саласындағы ауқымды шараларды жариялаған болатын: АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімдер үшін 10%-дық базалық тарифтер енгізілді. ЕО үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. Кейінірек АҚШ Қытайға қарсы баж салығын 104%-ға дейін көтерді.