Қытай аумағында бір күнде екі мәрте жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 16 қыркүйек күні Алматы уақытымен сағат 15:38-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 348 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.6. Магнитудасы 4.0 MPV. Бағыты 42.19° солтүстік ендікте, 80.93° шығыс бойлықта жатыр. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы мәлімет жоқ, – делінген кезекші оператордың хабарламасында.

16 қыркүйекте қазақстандық сейсмологтар Қытайаумағында Алматы уақыты бойынша сағат 09:54-те жер сілкінісін тіркеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы