Қытай астанасы Бейжіңде құмды дауыл соқты
Жергілікті билік тұрғындарға қажеттілік болмаған жағдайда сыртқа шықпауға кеңес беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Өйткені ауа сапасы тым нашарлап кеткен. Мамандардың айтуынша, ауадағы қатты бөлшектердің шоғырлануы нормадан бірнеше есе асқан.
Қытай астанасын құмды дауыл басуы наурыз бен сәуір айларында жиі кездесетін құбылыс. Ғалымдар мұны қаланың ГОби шөліне жақын орналасуымен байланыстырады. Сонымен қатар, орманның оталуы да өз әсерін тигізсе керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Акула турист әйелдің қолын жұлып ала жаздады
Өзгелердің жаңалығы