Қытай АҚШ-тың қай шешіміне шағым түсірді
Қытай АҚШ-тың бір шешіміне қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚХР коммерция министрлігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Қытай билігі АҚШ-тың ҚХР тауарларына қосымша баж салығын енгізуіне байланысты жағдайды реттеуді сұрап ДСҰ-ға жүгінген.
Қытай АҚШ-тың ДСҰ ережелерін өрескел бұзатын және Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының негіздеріне нұқсан келтіретін біржақты баж салықтарын қайта жүргізу туралы шешіміне үзілді-кесілді қарсы. Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүддесін берік қорғайды және ДСҰ ережелеріне сәйкес көпжақты сауда жүйесі мен Халықаралық экономикалық және сауда тәртібін қолдайды, - делінген Қытай ведомствосының хабарламасында.
Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қамтамасыз ету мақсатында 15 америкалық компанияны экспорттық бақылау тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.
Яғни қытайлық жеткізушілерге АҚШ-тағы аталған компанияларға қос мақсаттағы заттарды сатуға тыйым салынады.
Шектеу қойылатын компаниялар тізімінде leidos, Gibbs& Cox, Inc, IP Video Market Info, Inc., Sourcemap, Inc., Skydio, Inc., Rapid Flight LLC, Red Six Solutions, Shield AI, Inc., HavocAI, Neros Technologies, Group W, Aerkomm Inc., General Atomics Aeronautical Systems, Inc., General Dynamics Land Systems және Aero Vironment бар.
Сонымен қоса Қытай билігі АҚШ-тың қосымша 10 компаниясын сенімсіз субъектілер тізіміне енгізген.