Қытай АҚШ-қа санкция сала бастады

Қытай билігі Тайваньға қару-жарақ сатқан 5 америкалық компанияға санкция салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды. Ресми Бейжің бұл "Бір Қытай" қағидатын бұзу деп айыптап отыр. 

Енді қара тізімге енген 5 компанияның Қытай аумағындағы жылжымайтын мүліктері мен активтері бұғатталады. Сонымен қатар олардың ел аумағында бизнес жүргізуіне тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы