Қытай алтын қорын соңғы үш жылдағы ең жоғары қарқынмен ұлғайтты
Жыл басынан бері Қытай Халық банкінің алтын қоры 3,28 млн трой унцияға, яғни шамамен 102 тоннаға артқан. Осылайша физикалық алтын көлемінің өсімі 4,4%-ды құрады.
Қытай Халық банкі қыркүйек айында алтын қорын 740 мың трой унцияға, яғни шамамен 23 тоннаға арттырды. Бұл – соңғы үш жылдағы бір ай ішіндегі ең ірі өсім.
Реттеуші органның мәліметінше, қыркүйек айының соңында Қытайдың орталық банкінің алтын қоры 77,47 млн трой унцияға жетті.
Қытай алтын сатып алу көлемін үшінші ай қатарынан арттырып отыр. Шілдеде елдің алтын қоры 640 мың унцияға өссе, тамызда тағы 650 мың унцияға көбейген.
Сонымен бірге алтын қорының доллармен есептегендегі құны керісінше төмендеген. Қыркүйек соңында оның көлемі 323,52 млрд долларды құрады. Тамыз айының соңында бұл көрсеткіш 350,08 млрд доллар болған. Яғни бір айда 7,6%-ға азайған.
Бұл жағдай физикалық алтын көлемі өскеніне қарамастан, оның долларлық бағасының төмендеуін және активтерді қайта бағалау әсерін көрсетеді.
Жыл басынан бері Қытай Халық банкінің алтын қоры 3,28 млн трой унцияға, яғни шамамен 102 тоннаға артқан. Осылайша физикалық алтын көлемінің өсімі 4,4%-ды құрады.
Бұған дейін Қытайдың алтын сатып алу көлемін үш жылға жуық уақыттағы ең жоғары деңгейге жеткізгені хабарланған болатын.