Қыстың соңғы күндері аяз күшейеді

Еліміз бойынша ақпан айының соңғы күндерінде күшті жауын-шашын мен аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Метеорологтар 25-27 ақпан аралығында Оңтүстік циклонының әсерінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, 26 және 27 ақпанның түнінде оңтүстік-шығыста жауын-шашын болатынын хабарлады. Жауын-шашынның арасында желдің күшеюі, боран мен көктайғақ болжанып отыр.
Қазақстанның барлық аумағында тұман мен ауа температурасының төмендеуі күтілуде:
- солтүстік, солтүстік-батыс және елдің орталығында – түнде 18 градус аяз;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста – түнде 12 градус аяз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әйелдер күні келе жатыр: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Келесі жаңалық
Грузияда жүз күннен бері наразылық шаралары жалғасуда - DW
Өзгелердің жаңалығы