Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері оңтүстік циклон әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын сақтап қалады, боранмен қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтілуде.

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 01 наурызда солтүстік-батыста қатты қар жауады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, 27 ақпанда түнде республиканың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да көп қатты желдің ықтималдығы сақталады. Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 аязға дейін, солтүстікте 15-25 аязға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 аязға дейін, батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 аязға дейін төмендейді деп күтіліп отыр, - делінген синоптиктер болжамында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы