Қыстағы жағдай қайталанбауы керек - Тоқаев Екібастұздағы апат жайлы

Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыс бақылауымызда болады. Бұл – өте маңызды жұмыс. Олқылықтар болса, тиісті шешімдер қабылдаймыз. Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек. Азаматтарымыз шыдамдылық, сабырлық танытып отыр. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан әкімдерге осындай тапсырма берілді. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Жоспарлардың бәрін міндетті түрде іске асыру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, кеншілер қаласында коммуналдық апат болып, ондаған көпқабатты үй тұрғындары жылусыз қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта өткен жылу маусымындағы жағдай қайталанбас үшін ауқымды жөндеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Осы апаттан зардап шеккен Екібастұз қаласының тұрғыны ірі коммуналдық апаттан соң жылу тарату кәсіпорнын сотқа беріп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Ол өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы