"Қыста жылы болсын десек": Тарифтердің өсуі жалғасады

Қазақстанда биыл да тарифтердің өсуі жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Тарифтердің өсімі жалғасады. Бұл жанға бататын мәселе. Ұзақ уақыт бойы тарифтер белгілі бір деңгейде болғанда (біз ТКШ-ға ақша инвестиция жасай алмаған уақытта), Екібастұзда апат болды. Егер біз қыста жылы болсын десек, жарық жанып, су ағып тұрғанын қаласақ, тарифтер өседі. Олар инфляцияға қысымды төмендету үшін басқаша ұлғаяды, - деді Олжас Бектенов.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы