10 Қаңтар 2024 2024, 13:10 Фото: dots_foto

Қыста гүлдеген бәйшешек жұртшылықты таңғалдырды

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бәйшешектің суреттерін алматылық фотогроф Instagram-дағы dots_foto парақшасында парақшасында жарияланды.

Қыстың ортасы дегенмен, Алматыда бәйшешек гүлдеп тұр. Бұған дейін желтоқсан айында Іле Алатауының баурайындағы гүлді түсірген едім. Енді, міне, қаңтарда да гүлдеп жатыр, - дейді Дмитрий Доценко.

Ол сондай-ақ бәйшешектің қаладағы көпқабатты үйдің ауласында пайда болғанын атап өтті.

Гүлдер бізді қыс бойы қуантады екен. Алатаудың бөктерінде шафран бар, ал қала маңындағы бақтарда галантустар пайда болды. Алматы ғажайыпқа толы қала, - дейді фотогроф.

Ал қала тұрғындары бәйшешектің қыста бүр жарғанына қуанып, олардың қала көркін арттыра түсетінін жаза кеткен.