12 Қаңтар 2025 2025, 13:24

Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швециямен ойнайды

2025 жылғы Қысқы Универсиадаға шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойындарын өткізеді.

2025 жылғы Қысқы Универсиадаға шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойындарын өткізеді.

Студенттік ойындар 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында болады.

Қазақстан ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары — Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Бүгін қазақстандық хоккейшілер Швецияға қарсы ойнайды.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Барлығында қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті. Атап айтқанда, 2017 жылы алдымен топтық кезеңде оларды 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жарыстың ширек финалында 4:0 есебімен қапы қалдырды.

Одан кейін 14 қаңтарда Оңтүстік Корея, 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының хоккейшілері:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Магнитка», ВХЛ), Владимир Никитин («Снежные барсы», МХЛ), Максим Павленко («ВДВ-Рязань, ВХЛ)

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жусупбеков, Глеб Решетько, (барлығы — «Снежные Барсы», МХЛ), Иван Гавриленко («Торпедо», Өскемен), Кирилл Никитин, Абылайхан Сулейменов (екеуі — «Номад», Астана), Бейбарыс Оразов («Барыс», КХЛ)

Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Кирилл Ляпунов, Семен Симонов (барлығы — «Снежные Барсы», Астана), Олег Бойко, Николай Шульга (екеуі — «Барыс», КХЛ), Андрей Буяльский (НСА), Руслан Демин («Сарыарқа», Қарағанды), Диас Гусейнов, Данил Цыбин (екеуі — «Номад», Астана), Максим Мусоров, Александр Панченко, Ян Тютюньк