15 Ақпан 2026, 07:45
Фото: Сали Сабыров
Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 15 ақпандағы жарыс кестесі
15 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні басталды.
Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 – тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова.
14:30 – фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.
15:15 – биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.
21:03 – конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко.