Қысқы Олимпиада: Қазақстандық конькишілер үздік ондыққа енді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы болып мәреге жетті. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт көрсеткішімен оныншы орынға тұрақтады.
Италиялық Франческа Лолобриджида Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 3:54.280. Екінші орынды норвегиялық Рагне Виклунд (3:56.540) иеленді. Ал канадалық Валери Мальте (3:56.930) үшінші болып мәреге жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байғанин ауданындағы ауылда 58 жылдағы алғашқы өрт сөндіру бекеті ашылды – Ақтөбе облысы
Келесі жаңалық
Әзербайжанда көшкін салдарынан ауылға апаратын жол бүлінді
Өзгелердің жаңалығы