Қысқы Олимпиада ойындарына 13,3 млрд теңге бөлінді – министр
XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 13,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 585 млн теңге – федерациялардың қаражаты, 5,3 млрд теңге – республикалық бюджеттен, 6,2 млрд теңге – жергілікті бюджеттен, 1,2 млрд теңге – Туризм және спортты қолдау қорынан бөлінді, – деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиадада спорттың 10 түрінен бақ сынайтыны туралы жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейонсе миллиардер атанды
Өзгелердің жаңалығы