Қысқартылған жұмыс уақыты: Кім 8 сағаттан аз жұмыс істей алады?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кішкентай балалары бар ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, қазіргі Еңбек кодексінде ата-аналар үшін нақты жеңілдіктер қарастырылған.
Кейде кейбір жұмыс берушілер заңда қарастырылған нормаларды орындамайды. Сондықтан бұл норма бүгінде Еңбек кодексінде бар. Егер жұмыс беруші оған бағынбаса, тиісті еңбек инспекциясына, прокуратураға немесе басқа органдарға жүгіну қажет. Осы шаралар арқылы мәселе шешіледі, – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзінше, бұл норма арқылы кішкентай балалары бар ата-аналар өздерінің құқықтарын қорғап, балаларына уақыт бөліп, жұмыс уақыты жеңілдігін пайдалана алады.
Еске салайық, бұған дейін декреттен кейін жұмысқа шыққан аналарға қандай жеңілдік бар екені туралы жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы