Қыс жылы болған сайын қар азайып, су тапшылығы болады - маман

Соңғы апталарда Алматыда байқалған жылы ауа райының себебін “Қазгидромет” РМК өкілі түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Даулет Кисебаевтың айтуынша, оңтүстік астанамызға жылы ауа өзге Орталық Азия елдерінен келген.

Орталық Азия елдерінде жылы ауа массалары тарады. Бұл Түрікменстан, Өзбекстан, Иран. Сондықтан бізде жылы ауа басым болды. Дегенмен осы аптада ауа райы күрт суыды, -10℃ дейін барады. Қаңтар соңына қарай күннің қайта жылынуы болжанады, - деді ол.

Сондай-ақ бөлім басшысы қыс кезінде Алматыдағы ең жылы көрсеткіш 2002 жылы тіркелгенін атап өтті.

Алматыда қаңтар айындағы ең жылы көрсеткіш 2002 жылы тіркелді, ол кезде ауа температурасы +18 ℃ дейін жеткен. Ал 3 ай қысты қосып есептегенде ең жылы қыс - 2022 жылы тіркелді, одан кейін 2016 және 2020 жылдар тұр. Жалпы 7 жылда бір рет қыстың жылы болуы қайталанып тұрады. Сонымен қатар елімізде 10 жыл сайын ауа температурасы 0,3 ℃-қа өсіп келеді. Қыс жылы болған сайын тауда қар азайып, мұздықтар еріп, ол болашақта су тапшылығына алып келуі мүмкін, - дейді маман.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы