12 Ақпан 2026, 01:29
Фото: Скриншот
Қыс ызғары күшейді: Жамбылда 500-ге жуық жүк көлігі жолда қалды
Боран, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Қордай асуының жаңа айналма жолында барлық көлік түрінің қозғалысы екі бағытта да уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Боран, көктайғақ және көрінудің шектелуіне байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Қордай асуының жаңа айналма жолында барлық көлік түрінің қозғалысы екі бағытта да уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ал асудың ескі бөлігіндегі Алматы – Ташкент тасжолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы учаскесінде де қозғалыс шектелді.
Ескертулерге қарамастан, бірқатар жүргізуші жолға шыққан. Қазіргі уақытта Айша бибі ауылы маңында 400-ден астам, ал Қордай ауданында екі бағытта шамамен 500-ге жуық жүк көлігі жиналып тұр.
Жүргізушілер үшін жылыту пункттері іске қосылды.
Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көліктердің қауіпсіз тұрақтауын бақылауда. Сонымен қатар жол жиегіне шығып кеткен автокөліктерге көмек көрсетіп, оларды жолдың жүру бөлігіне шығаруда және қауіпті учаскелерде бағыт-бағдар беруде.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалайды.
- Улы газдар тарады: Иран тұрғындарына қышқылды жаңбыр туралы ескерту жасалды 14:52
- Эльмира Оразалиева: Адами капитал – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты 14:17
- Иран Кувейттегі америкалық тікұшақ базасына соққы жасады 13:48
- Көшербаев Кувейт cыртқы істер министрімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады 13:17
- Соңғы тәулікте Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 1,8 мың азамат оралды 12:47
- Аспанға ғашық ару: Тікұшақ тізгіндеген қазақ қызының ерекше жолы 12:20
- Энергияны үнемдеу үшін Филиппин төрт күндік жұмыс аптасын енгізуі мүмкін 11:48