Тарих ғылымдарының докторы Қырықбай Аллаберген қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы, елімізге белгілі журналист Қырықбай Аллаберген қайтыс болды.
Бұл туралы алаштанушы-ғалым, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайрат Сақ хабарлады.
Қазақ журналистикасы, қазақ білімі мен ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Факультетіміздің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, елімізге белгілі журналист, публицист, бірнеше буын журналистердің ұстазы, ағаға құрмет, ініге ізет көрсетіп, көп құрметіне бөленген, жаны жайсаң жақсы жан Қырықбай Аллаберген ағадан айырылып, төбемізден жай түскендей жағдай кешіп отырған жағдайымыз бар. Өткен шақта сөйлеу қандай қиын...
Ағайымыздың отбасына, жары Бақыт Тілеубайқызына, туған-туысқандарына, достары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бақұл бол, асыл аға, қадірлі ұстаз! Алла алдыңыздан жарылқасын! Жаныңыз жәннатта шалқысын... - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық психология және бала тәрбиесі
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы