Бүгiн 2026, 06:06
Фото: Engage
Қырымда ұшақ апатынан 29 адам қаза тапты
Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.
Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, алты экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ұшақпен байланыс сейсенбі, 31 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында (Астана уақыты бойынша сағат 20:00) үзілді.
Ұшақ Қырым үстінен жоспарлы рейспен ұшқан, – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлі.
1 сәуір түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.
Оқиға орнындағы дереккөз РИА Новостиге ұшақтың жартасқа құлағанын айтты.