17 Қараша 2022 2022, 18:20
Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның экс-мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.
Қазақстанның экс-мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.
Ол «Ембімұнайгаз» АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Қырымбек Көшербаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін мемлекеттік хатшы қызметінен босатылған болатын.