Қырым көпіріндегі жарылыс. Қаза тапқандар туралы айтылды
Қырым көпіріндегі жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл ақпаратты Ресейдің Тергеу комитеті жария етті, - деп хабарлайды BAQ.KZ URA.ru-ға сілтеме жасап.
Қаза тапқандар жарылған жүк көлігінің қасында келе жатқан жеңіл көлікте болған.
Қазіргі уақытта қаза тапқан екі адамның - ер мен әйелдің денесі судан шығарылды, олардың жеке басы анықталып жатыр, - деді ведомство өкілдері.
8 қазанда таңертең Қырым көпірінде жарылыс болған. Ресей үкіметі президент Владимир Путиннің тапсырмасымен тергеу комиссиясын құрды, қалпына келтіру жұмыстары басталды.
«Известия» ақпаратына сүйенсек, сол күні кешке Қырым көпірінде автокөліктер мен автобустарға қозғалыс ашылды, бірақ толық тексеру процедурасынан өтуі керегі айтылған. Ресей премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин 9 қазаннан бастап Қырым көпірінде көлік қозғалысын екі жолақта жүргізу туралы тапсырма берілгенін айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
"Астана" - "Челси" матчының билеті сатылымға шықты
Өзгелердің жаңалығы