Қыркүйектен бастап табиғатты қорғау инспекторларының табысы артады

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс атқаратын табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төлеуді көздейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін, - делінген министр қол қойған бұйрықта.

Аталған құжат жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң 2 қыркүйекте күшіне енеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы