Қыркүйекте елордада дін басшыларының құрылтайы өтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйекте елордада өтетін дін басшыларының құрылтайында «Пандемиядан кейінгі әлем» мәселесі талқыланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тақырыптың маңыздылығын Қазақстанның Париждегі консулдығындағы конференцияға қатысушылар атап өтті. Күздегі жиынға әлемнің 62 елінен 153 делегация келуі тиіс. Дінбасылардың жиынында әйелдің рөлі, жоғары оқу орындарында негізгі теологиялық білім беру және лаңкестікпен күрес мәселелері де талқыланады. Әлемдік дін басшыларының құрылтайы биыл елде жетінші рет өтуі тиіс.

Сауд Арабиясы Қазақстанда түрлі дін өкілдерінің арасындағы диалогты нығайту мәселесін құптайды. Нұр-Сұлтандағы құрылтай халықаралық алаңға айналды. Жиын қатысушылары одан да үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деген үміттеміз, - деді Сауд арабиясының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі 
Ханшайым Хайфа Әл-Могрин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы