Қыркүйек айының соңында Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қыркүйек айының соңынан бастап еріген қар суын қабылдауға орын босату үшін Ертіс өзені бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су жіберіле бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Төлеген Құлжанов мәлімдеді.
Сондай-ақ, Павлодар облысының Май ауданындағы Бесбай алабын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Нысанның ауданы - 14,6 мың га. 38 гидротехникалық және 6 су өткізу құрылысы жөнделеді. Бұл жұмыстарды 2025 жылы аяқтауға ниеттіміз. Күрделі жөндеу өңірдің барлық сағаларын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, тіршілік нәрін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді,– деді филиал директоры.
Сонымен қатар, ауыз сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін 2030 жылға қарай Май топтық су құбырын Майтүбек ауылының маңында салынатын екінші сорғы станциясына қосу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы