Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру құны 47,2%-ға өскен
Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ұсыныстарының бағасы жылдық мәнде 47,2%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады, бір ай бұрын ол 4 029 теңге мөлшерінде болған. Республикалық деңгейден баға тек Алматы қаласында жоғары – 5 611 тг/м2. Баспананы жалға беру бағасы, сондай-ақ Астана және Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне тиісінше 4 485 тг және 3 253 тг-ден.
Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда (1 797 тг/м2 ), Тараз (1 809 тт/м2) және Жезқазған (1 845 тг/м2) қалаларында тіркелген.
Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады, бірден 42,6%-ға. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті.
Тұрғын үйді жалға алу бағасы болмашы мөлшерде Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында өсті.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7%-ды құрады, тұтыну бағалары индексінің құрылымында ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады.