Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарынан айырылды
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайты мәлімдеді.
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Алмазбек Шаршенұлы Атамбаев Қырғыз Республикасының келесі мемлекеттік наградаларынан айырылды:
Қырғыз Республикасының ең жоғары ерекшелік дәрежесі "Қырғыз Республикасының Батыры" атағы;
- II дәрежелі "Манас" ордені;
- "Данакер" ордені;
- "Данк" медалі.
Сондай-ақ қаулыда келесі жарлықтардың күші жойылғаны айтылған:
- Қырғыз Республикасы президентінің "А.Ш.Атамбаевқа "Даңқ" медалін беру туралы" 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 106 Жарлығы;
- Қырғыз Республикасы президентінің "А.Ш.Атамбаевқа "Данакер" орденін беру туралы" 2007 жылғы 27 қарашадағы № 518 Жарлығы;
- Қырғыз Республикасы президентінің "Республиканың мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы" 2011 жылғы 30 қарашадағы № 311 Жарлығының үшінші абзацы;
- Қырғыз Республикасы президентінің "А.Ш.Атамбаевқа "Қырғыз Республикасының Батыры" ең жоғары ерекшелік дәрежесін беру туралы" 2017 жылғы 27 қарашадағы № 1 Жарлығы.
Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Сот орындаушылары белгіленген тәртіппен Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградаларын және осы жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ілеспе құжаттарды мемлекеттік наградалар қорына аудару үшін тәркілеу шараларын қабылдасын, – делінген жазбада.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Өзгелердің жаңалығы