Қырғызстаннан бір вагон темекіні құжатсыз әкелмек болғандар ұсталды

ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңге болатын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.

ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы